Skip to main content
Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +7(7122) 513 206
  • +7(7122) 513 278

«№5 «Аққу» бөбекжай-бақшасы»

26 Нау 2023

«Үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік»

№5 «Аққу» бөбекжай-балабақшасы

 

«Үйдегі

және балабақшадағы қауіпсіздік»

 

Өткізген:

№3 Ортаңғы топ тірбиешісі:

Қозығалиева.Ғ.Қ.

 

 

 

Атырау – 2018жыл Қыркүйек айы

 

Білім беру саласы: «Таным».

 

ҰОІӘ: Қоршаған орта.

 

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекет тақырыбы:

 

«Балабақшадағы және үйдегі қауіпсіздік»

 

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекет мақсаты:

 

Балаларды үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік ережелері туралы  түсіндіру, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайларымен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету.Табиғаттағы қауіпсіздік шаралары туралы білімдерін кеңейту. Өз жеке басының қауіпсіздігін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.

 

Көрнекіліктер:Қауіпсіздік ережелері туралы слайдтар, дидактикалық ойындарға арналған құралдар, жылжымалы папка.

 

Билингвальды компонент:Можно-болады, нельзя-болмайды.

 

Шаттық шеңбер:

 

Біз көңілді баламыз,

 

Тату –тәтті ойнаймыз.

 

Үлкендерді сыйлаймыз,

 

Бәрін жақсы көреміз

 

Тек жақсылық ойлаймыз.

 

Сұрақ-жауап:

 

Тәрбиеші: Балалар сендер сақтанып жүрулерің керек. Егер сақтанып жүрмесеңдер бір нәрсеге ұрынып қалуларын мүмкін. Кәне кім айтады бір нәрсеге ұрынып қалу дегенді қалай түсінесіңдер? Не ол?

 

Балалар жауабы:

 

-Ойын ойнаған кезде сақ болуымыз керек.

 

-Себебі құлап қалсақ бір жерлеріміз ауырып кетеді.

 

Тәрбиеші: Ал, енді мен сендер түсіндіріп айтайын мұқият тыңдаңдар. Балалар сендерәр уақытта әр түрлі жағдайларға тап болуларың мүмкін. Қауіпсіздік деген –өзіңді өорғау және сақтау.

 

(Слайд арқылы үйдегі суреттерден қауіпті жағдайлар болғанын айтып беру)

 

Сұрақ-жауап:

 

1.Үйде тоққа үтікті қосулы күйде тастауға бола ма?

 

2.Үйде ыдыс-аяқ жуып тұрып сулы қолмен тоқты ұстауға бола ма?

 

3.Үйде адамдар болмаған жағдайда тоқпен ойнауға бола ма?

 

4.Үйде сіріңкемен, әр түрлі жанатын заттармен ойнауға бола ма?

 

5.Әр түрлі зиянды заттарды үлкендердің рұқсатынсыз орнынан қозғап алуға бола ма?

 

6.Үйдегі газ плитаны қозғауға бола ма?

 

Тәрбиеші: Балалар, біздер  балабақшада не істейміз?

 

Балалар: Ойнаймыз, сабақ үйренеміз, тақпақтар жаттаймыз, жұмбақтар шешеміз т.б

 

Тәрбиеші : Ендеше балалар тақпақ тыңдар көрейік.

 

Тақпақ:

 

Асылжан:

 

Бәрі де бар бақшада,

 

Ойын бөлме, асхана,

 

Орындық та, тақта да,

 

Заттар да көп басқа да.

 

Баспалдақ та бар мұнда,

 

Апаратын жоғарға

 

Тек тәртіпті болғайсың,

 

Үлкендердің тілін алғайсың!

 

 Ережені сақтап жүр,

 

Достарыңмен ойнап –күл!

 

(Балабақшадағы сақтық ережелер слады)

 

Тәрбиеші:Біз балабақшаға  келеміз. Үлендермен амандасамыз. Топтың қабылдау бөлмесіне кіреміз.

 

Сұрақ:

 

-Ал, балалар айтыңдаршы бұл жерде қандай ережені орындауымыз керек?

 

Балалар жауаптары:

 

-Тәрбиеші апаймен амандасып, өз сөремізге барып шешінеміз.

 

-Киімдерімізді  жинап қоямыз.

 

-Сөренің есігін жайлап жабу керек.

 

Тәрбиеші:

Тамақ үстінде қандай ережені сақтауымыз керек?

 

Балалар жауаптары:

 

-Ыссы тамақ келгенде біз орнымызда тыныш отыруымыз керек.

 

-Жүруге, жүгіруге болмайды.

 

-Себебі тамақ ыссы күйіп қаламыз.

 

-Тамаққа шаң түседі.

 

Тәрбиеші:

 

Тамақты қалай ішуіміз керек?

 

Балалар жауаптары:

 

-Тамақты асықпай және сөйлемей отырып ішу керек.

 

-Әйтпесе қақалып қалуымыз мүмкін.

 

-Тамақты төгіп алуымыз мүмкін.

 

Тәрбиеші:

 

Ал, мынау  қандай бөлме?

 

Балалар жауаптары:

 

-Бұл жуынатын бөлме.

 

Тәрбиеші:

 

Жуынатын бөлмеде қандай ережелерді  сақтауымыз керек?

 

Балалар жауаптары:

 

-Сумен ойнауға болмайды.

 

-Жуынатын бөлмеде ойнауға болмайды.

 

-Бір-бірімізді  итеруге болмайды.

 

-Себебі тайып құлауымыз мүмкін.

 

Тәрбиеші:

 

Ал, мынау  қандай бөлме?

 

Балалар жауаптары:

 

-Бұл жататын бөлме.

 

Тәрбиеші:

 

Жататын бөлмеде қандай ережелерді  сақтауымыз керек?

 

Балалар жауаптары:

 

-Керуеттерде  секіріп ойнауға болмайды.

 

-Таза, тыныш бөлмеде демалу керек.

 

Тәрбиеші:

 

Ал, мынау  қандай бөлме?

 

Балалар жауаптары:

 

-Бұл ойнайтын бөлме.

 

Тәрбиеші:

 

Ойнайтын бөлмеде қандай ережелерді  сақтауымыз керек?

 

Балалар жауаптары:

 

-Орындыққа, сөрелерге мінуге болмайды.

 

-Терезеден қарауға болмайды.

 

-Есікпен ойнауға болмайды, себебі қолың қысылып қалады.

 

-Ойыншықты сындыруға болмайды.

 

Ойыншықпен ойнап болған соң жинау керек.

 

Тәрбиеші:

 

Ал, мына жерден не көріп тұрсыңдар?

 

Балалар жауаптары:

 

-Бұл баспалдақ.

 

Тәрбиеші:

 

Баспалдақта қандай ережелерді  сақтауымыз керек?

 

Балалар жауаптары:

 

-Баспалдақпен асықпай түсу керек.

 

-Бір-бірімізді итеруге болмайды.

 

Тәрбиеші:

 

Міне балалар біздер балабақшадағы ережелерді сақтап жүруіміз керек екен.

 

Слад арқылы дидактикалық ойындар:

 

«Болады-болмайды?»

 

«Қателеспе»

 

«Не артық»

 

Тәрбиеші:

 

Балалар, біз бүгін қандай ережелермен таныстық?

 

Балалар жауаптары:

 

Тәрбиеші:

 

Осы ережелер әрқашанда сендерін естеріңде болу керек.

 

Осы ережелердің бәрін біз балабақшада үйреніп жатырмыз.