№ 5 « Аққу» бөбекжай-балабақшасы.
«Тілдер күніне» арналған тақырыпты ұйымдастырылған оқу қызметі.
Тақырыбы: «Тіл халықпен мәдениеттіңжарық жұлдызы»
Өткізген: Орта топ №4 тәрбиешісі
Б.С.Джоламанова.
Атырау-2018ж
Мақсаты:Ана тілі туралы түсінік беру.Балалардытуған тілін қастерлеуге Отанды сүйюге ,көпұлтты қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізі баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
Көрнекілігі мен қажетті құралдар: күн, аспан, шаңырақ суреттері, бейнебаян «Менің елім Қазақстан», атрибуттар: орамал т.б.
Үйымдастыру кезеңі:
Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.
Балаларға Қазақстан халықтар достығы туралы бейнебаян көрсету.
Тәрбиеші: - Бейнебаян не туралы?
Балалар: - Қазақстан
Тәрбиеші: - Балалар,қандай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?
Балалар: - Қазақстанда
Тәрбиеші: - Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: - Гүлденген, тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты, бейбіт, экономикасы дамыған.
Тәрбиеші: Қазақстан мемлекеті көп ұлтты мемлекет.Жалпы 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.Атап айтсақ қазақтар, ұйғырлар, корейлер, дүнгендер, украиндар, өзбектер және өзге де ұлт өкілдері өмір сүреді.Олар бір-бірімен тату – тәтті тұрады.Соның арқасында еңбектерінің жемісін көруде.Біздің елімізде әрбір ұлт өкілдерінің өз тілінде, дінін, салт-дәстүрін, мәдениетін сақтауға жағдай жасалған.Сонымен қатар әрбір халық өз мәдениетін, салт-дәстүрлерін, ұлттық ертегісін, бесік жырын, аңыздарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады.Әр ұлт өкілдері бір үйдің баласындай бірлігі мен ынтымағы, туыстығы мен достығы жарасқан бақытты да жарқын болашақта өмір сүруді мақсат етуде. Әлем таныған Отанымызда жүз отыз ұлт бір үйдің баласындай достық пен татулықта, жарасымды бірлікте қоян-қолтық өмір сүруде. Біз – ынтымағы жарасқан елміз.
Ана тілін білмесең,
Қадірлісін кімге сен?
Ана тілі арқылы
Тарихыммен тілдесем.
Өз тіліңде бой жетіп
Қол созасын күнге сен.
Қазына бар бұл тілде,
Анам айтқан жыр әнім.
Жоғалуы мүмкін бе?
қасиетті мұраның.
Қ/О: « Үй артында қол ағаш»
Тәрбиеші: -Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай, Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен деген тілекпен, балалардың дайындап келген тақпақтарын тамашалаңыздар!
Ана тілім менің,
Әлдилеген әнім.
Ана тілім демім
Ана тілім жаным.
Ана тілім бойымда,
Ағып тұрған бұлағым.
Ана тілі ойымда
Жанып тұрған шырағым!
Ана тілін ән қылып,
Анам айтқа әлдиім.
Ана тілсіз мәңгілік
Келіспейді ән күйім.
Тәрбиеші: Жер-Ана бәрімізге ортақ. Осынау сахара кең қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті ынтымақта, бауырластықта өмір кешуде. Қазақ жері ортақ Отан, ортақ өлке болып, әр азаматтың мекеніне айналды.
С днем родного языка
Мы вас поздравляем!
Мы поем и говорим!
С самого рождение
И к родному языку
Есть болшое рвение!
Есть укаждого язык,
Что родной навеки.
Без родного языка,
Нету человека!
Мақалды аяқта:
1.ер тілегі ...(тіл)
2.тіл жетпейтін...(.түкпір жоқ)
3.Тәрбие.....(тілден басталады)
4.Тіл достықтың ......(мерейі)
5.Тіл-еліміздің ....(іргетасы)
6.Тілді қорлау......(халықты қорлау)
7.Тілге шешен.....(іске мешел)
8.Ұлттың қуаты ....(тілінде)
9.Шешеннің тілі....(шебердің бізі)
10.Ақынның тілі ....(қылыштан өткір)
Ашық аспан аясында бейбітшілік пен тыныштық болсын!
Арайлы күн шуағындай жылылық пен мейірімділік болсын!
Бір шаңырақ астында бірлігіміз бен ынтымағымыз жарассын!
Балалар хормен: «Ана –тілі» әнін орындайды.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.