№ 5 «Аққу»бөбекжай-балабақшасы
Тақырыбы: «От-тілсіз жау»
Өткізген: Бекмуханова Гулмира Емматқызы
Ортаңғы топ № 3 тәрбиешісі
Атырау- 2018 жыл
Тақырыбы: «От-тілсіз жау!»
Мақсаты: Оттың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру,оның пайдасы мен зияны туралы әңгімелеу.Оттан дұрыс қорғана білуге үйрете отырып, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға үйрету. Адам өміріне қауіп төндіретін заттар туралы білімдерін кеңейту. Өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау арқасында түрлі жазатайым апаттың алдын алуға болатыны туралы айта отырып,өрт сөндірушілердің еңбегімен таныстырып,осы мамандыққа құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Өрт қауіпсіздігі ережелерінің суреттері, сіріңке қорапшасы слайд, дидактикалық ойынға арналған құралдар.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жүру барысы:
Тәрбиеші: -Балалар,бүгін бізде ерекше күн,бізге көптеген қонақтар келіп отыр.Олай болса қонақтармен амандасып алайық.(Сәлеметсіздер ме!)
Жұмбақ:
Жаурағанды күлдірер,
Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бүлдірер.
(от)
Бір үйде тұрады екен 50 батыр,
Үй сыртына сүйкенсе-ақ, өліп жатыр.
(сіріңке)
Көрмедім ешкім үйінде,
Қолданбас бұл бұйымды
Жазып қыртыс-қыртысын
Қонымды етер киімді.
(үтік)
Қалпағы бар, жиегі жоқ
Аузы бар, иегі жоқ.
(шәйнек)
Түймесін басқан,
Сәулесін шашқан.
(электр шамы)
Қандай зат ең қауіпті, көгілдір – қызыл түсті.
(газ).
Қара сиырым жалап тұр, қызыл сиырым қарап.
( от пен қазан)
Көңілді музыка ырғағымен Сайқымазақ келеді.
Сайқымазақ: Көңілім түсіп тұрғаны, не бүлдірсем екен (қолындағы сөмкесін сілкілейді де, сіріңкенің дауысын құлағы шалып қалады)
О, о! Менің сөмкемде сіріңке бар екен ғой, қалай байқамағанмын? (қолдан жасалған сіріңкені бір - бірден жаға бастайды) Осы кезде шуды естіп қоян келеді.
Қоян: Ой, сайқымазақ, сен мұнда не істеп жүрсің?
Сайқымазақ: Ой, қорқытып жібердің ғой. Не болды сонша айқайлап. Мен бар болғаны сіріңкені жағып ойнадым ғой. Ал сен болсаң мен үлкен өрт шығарғандай айқайлайсың.
Қоян: Қайдан білесің, мен сені тоқтатпағанда, бұл ойының үлкен өртке ұласар ма еді? «Ойыннан от шығар» деген мақалды естімеген бе?
Сайқымазақ: Қойшы сен де, бір сіріңкеден қандай өрт шығар дейсің?
Қоян:(Сіріңке қорабын қолына ұстап) Балалар - ау, балалар, сіріңкеге қараңдар! Өзі кішкентай болса да, Бойында алып күші бар. Сіріңкемен ойнасақ, Абайсызда өрт шығар, Соны есте сақтаңдар! Сайқымазақ: О, мен енді түсіндім. Сіріңкенің мұндай тентек екенін бұрын білмеппін. Тәрбиеші:- Сәлеметсіздер ме, сайқымазақ, қоян! Сіріңкемен ойнауға болмайды.
Қоян дұрыс айтады, біздер өрт қауіпсіздігі ережелерімізді жақсы білуіміз керек. Олай болса, сайқымазақ, қоян, біздің балалардан үйреніңдер сендер!
Тәрбиеші: Балалар енді экранға назар аударыңдар. Не көріп тұрсыңдар?
(Слайдтан) Дала өрті,орман өрті, қайғырып жатырған адамдар
- Өрт сөндірушілердің телефон нөмірі қандай? (Өрт шыққан жағдайда дереу 101 нөміріне телефон шалып, өрт сөндіру қызметің шақыру керек.)
Ия балалар біздер өрт сөндірушілерді шақырамыз. Өрт сөндірушілер ержүрек батыр болып келеді.Олардың киімдері отқа төзімді матадан тігіледі,арнайы құралдары болады оны өздерінің арнайы көліктерімен алып жүреді.
- Өртті болдырмау үшін не істеу керек?
- Егер інің сіріңке тауып алса, сен не істер едің?
101-өрт сөндіру қызметі
104- газ қызметі
- "От - дос, от - жау" дегенді қалай түсінесіңдер?
- "От әр түрлі болады" дегенді қалай түсінесіңдер?
-Тәрбиеші: От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От өмірдің сәні. Отсыз тіршілік жоқ.
От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды. Біздің ата - бабаларымыз шөбі көп жерді, отты жер деп бекер айтпаған. Күз кезінде айналаның бәрі қурай бастайды. Қурап тұрған қурай, шөп от тисе болды тез өртеніп жүре береді.
Шөптің арасында талай жәндіктердің, құрт - құмырсқалардың илеуі, ұсақ аңдардың індері т.б болуы мүмкін. Олардың бәрі күйіп кетеді.
Өрт - табиғаттың жауы. Ол айтып келмейді.
Сондықтан да оны тілсіз жау деп атайды. Енді түсіндің бе, Сайқымазақ?
-Ия,балалар рахмет сендерге мен енді түсіндім,сіріңкемен ойнауға болмайды екен .
.-Қоян: Балалар сендер өрт қауіпсіздігін жақсы біледі екенсіңдер.Жүр Сайқымазақ бізде ормандағы достарымызға өрт қауіпсіздігін үйретейік.
Сау болыңдар балалар.
Тәрбиеші: Сау болыңдар. Аман жүріңдер.( Қонақтар кетеді)
Ойын: «Көліктерді ажырат?» Слайд
Балалар өрт қауіпсіздігі туралы қандай тақпақтар білеміз?
Ләйлә:
От жақпа күйесің,
Өртеніп жүресің.
Сіріңкені ұстасаң,
Бәлеге сен түсесің.
Зейнеп: Оттың ісі қуырмақ,
Желдің ісі суырмақ.
Қазір жанған жалынды,
Алып ұшып қуаламақ.
Нұрасыл: Кешір, досым, қателестім,
Шырпыны ұстап, көкте емеспін.
Ата – ананың рұқсатынсыз,
Сіріңкеге беттемеспін.
Досхан: Алыңдар ұғып балалар,
Істері кейде шалалар.
Шырпы, оттық, электрге,
Шама келсе жоламаңдар.
Тәрбиеші: Балалар енді ойын ойнайық.
Д/О: «Өр сөндірушіге не қажет?»
Балалар от туралы қандай мақал – мәтелдер білеміз.
Азиза. Отпен ойнама күйесің.
Аяна . Ойыннан өрт шығады.
Аружан. От пен су - тілсіз жау.
Мунира.Су мен ойнама батасың
От пен ойнама-күйесің.
Амина. От жақпа –пісесің,
Ор қазба-түсесің.
Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі(Слайд)
Егер сен үйде жалғыз қалсаң, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұмытпа:
Су қолмен электр құралдарына, розеткаға, тоқ қосқышқа жанасуға болмайды.
Мынау – үтік. Оның шнурынан тартпа. Тоққа қосылғанда ол өте ыстық болады.
Плитаның үстінде шәйнек, таба, кастрөл тұр. Олар – ыстық.оларды ұстамаймыз.
Қорытындылау: Тәрбиеші: Міне балалар бүгін біз «От- тілсіз жау» атты тақырыбында ой бөлістік.Жоғарыда айтылғандардан не естеріңде қалды,қайталайықшы: Сіріңкемен ойнамаймыз,газ плитаны ұстамаймыз,электр құралдарын қоспаймыз.Әр уақытта оттан, тоқтан, судан абай болып,үлкендерді тыңдап өз өмірімізді оттан қорғай білейік.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.