Skip to main content
Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +7(7122) 513 206
  • +7(7122) 513 278
26 Mar 2023

Өрт қауіпсіздігі

№5  «Аққу»бөбекжай –балабақшасы.

 

Тақырыптық ұйымдастырылған оқу  қызметі

Тақырыбы: «Өрт қауіпсіздігі».

Өткізген:орта топ№4тәрбиешісі Джоламанова.Б.С.

 

Атырау-2018ж.

 

Мақсаты:Балаларғаөрттіңқаншалықтықауіптіекендігітуралытүсіндіру, оттыңтілсізжауекенінұқтыру.

 

Өрттен, оттансақтанужолдарынөтөшіретінқұралдыпайдалануды, адамөмірінеөрттіңзияндыекенінбілеотырыпсіріңкені, тұрмыстық–техникалықзаттардыпайдаланукауіпсіздікережелерінайтыпүйрету.

 

Балалардыөрттіңалдыналуғаынталандыру, қоршағанортанықорғауғатәрбиелеу.

 

Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын.

 

Көрнекіліктер: Өрт қауіпсіздігі белгілері ,ойыншықтар,слайд  «өрт қауіпсіздігі»,  құралдар: балта,шелек, күрек,түтікше,пирамида,доптар.

 

Алдын ала жұмыс:Балабақша дәлізіндегі өрт сөндіру бұрышына барып балаларды таныстыру және серуен кезінде «Өрт сөндіру»- бұрышымен таныстыру.

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жүру барысы:

 

Тәрбиеші:От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От – өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылығымыз жоғалады. Сонымен от – өміріміз десек те, оның әлемі жайлаған алапаттың бірі – өрт қаупін шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн. Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан немесе байқампаздығымыздан кейде өрттің қалай күш алып кеткенін де байқамай  қаламыз.

 

Өртсөндірушікөлігінің  дабылы естіледі!

 

Тәрбиеші:Балалар бұл ненің дыбысы?

 

Балалар:Өртсөндірушікөлігінің дабылы.

 

Тәрбиеші: Өртсөндіру көлігінің түсі қандай?

 

Балалар:Қызыл,101 жазуы бар.

 

Тәрбиеші: Әрине қызыл оны алыстан көру үшін әдейі жасаған.

 

Тәрбиеші:Бұл қайда асығып барады деп ойлайсындар?

 

Балалар: Өрт сөндіруге.

 

Тәрбиеші:Оның ішіндегі адамдарды кімдер дейміз,мамандығы?

 

Балалар:Өртсөндірушілер.

 

Тәрбиеші:балалар өрт неден басталады?

 

Балалар:Отты дұрыс қолданбағаннан өрт шығады.

 

Балалар өрт қауіпсіздігі ережесін есімізге түсірейік:

 

1.Сіріңкемен ойнауға болмайды.

 

2.Газ плитасына жақындама.

 

3.Электр тоғын қолыңмен ұстама.

 

4.Отшашудан сақ бол.

 

5.Киім өтектеген соң ,теледидар қарап ,шаңсорғышпен тазалап болған соң

 

электр құрылғыларын сөндіру керек.

 

Ойын: « Қол соғайық, топ-топ бас»

 

Бұл ойында балалар айтылған сөздерге байланысты қимылдар жасайды.

 

Ойын:«Қауіпсіздік  белгілерін  ата»

 

Балалар әртүрлі карточкаларды алып қауіпсіздік белгілерін атап тақтаға іледі.

 

Ойын: «Не артық?»

 

Балала өрт қауіпсіздігі тақтасында ілінген заттар арасынан артық заттарды алып, керекті заттарды  қалдыру және оларды атап айту.

 

Балалар өрт тек қана үйде ,қалада  болмайды ол ормандада болады,кішкентай жануарлар сіріңкемен ойнап орманды өртеп алды енди теректер өртенип жатыр сондықтан жануарларды басқа жерге көшіру керек.

 

Балалар бір қатарға тұрып құрсаудан құрсауға дейін жануарларды көшіріп орналастырады.

 

Балалар біз бугін өрт қауіпсіздігі туралы айттық.

 

Егер өрт шықса қайда хабарласамыз-101.

 

Бір жерімізді жарақаттап алсақ қайда хабарласамыз-103.

 

Өрт сөндірушілер қандай болу кере?(Өжет,батыл,шапшаң ,епті).

 

Олар неге батыл,өжет болуы керек?(Олар өрт кезінде адамдарды құтқарады).

 

Балалар осы айтылған өртқауіпсіздігі ережелерін есте сақтап жүреді деп ойлаймын.

 {gallery}-1/1akky/4{/galley}