Skip to main content
Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +7(7122) 513 206
  • +7(7122) 513 278

«№5 «Аққу» бөбекжай-бақшасы»

26 Нау 2023

«От-досымыз, от-жауымыз»

«Аққу» бөбекжай-балабақшасы

 

Тақырыбы: «От-досымыз, от-жауымыз»

 

Өткізген: Ж.С.Амантаева

№1 ортаңғы  топ тәрбиешісі

 

 

2018 жыл

 

Тақырыбы: От - досымыз, от – жауымыз

 

Мақсаты: Өрттің қаншалықты қауіпті екені туралы балаларға түсіндіріп, білімдерін кеңейту. Өрттің алдын алуға балаларды ынталандыру. Сұрақ - жауап арқылы қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу. Адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық техникалық заттарды пайдалану қауіпсіздік ережелерін білу. Оттың тілсіз жау екенін ұқтыру. Өрттен, оттан сақтану жолдарын үйрету .

 

Көрнекіліктер:  Слайд, плакаттар, өрт сөндіру құралдары.

 

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету.


Жүру барысы:


Тәрбиеші: – Балалар, жан - жақтарыңа қараңдаршы, қандай әдемі! Терезеге қараңдаршы, күн алтын сәулелерін шашып тұр.


Ендеше балалар біз бүгін қауіпсіздік ережелерінің бірі өрттің қаншалықты қауіпті екенін білейік. «От – досымыз, от – жауымыз». Жалпы «от» деген сөзді қалай түсінесіздер? От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От – өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса тамақ піспейді, үй жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылығымыз жоғалады. От қалай пайда болды? Ерте заманда алғашқы адамдар отты пайдалануды найзағайдан түскен оттан үйренді. Сол найзағайдан түскен отты сөндірмей пайдаланды. Барлығы аң аулауға кеткенде, бір адам от басында қалатын болған. Тамақты пісіріп жеуді де найзағай отының астында қалған еттен байқаған. От астында қалған ет шикі еттен дәмдірек екенін байқап, асты пісіріп жеуді үйренген. Сол заманнан – ақ оттың өте маңызды екенін аңғарамыз.


Біздің ата - бабаларымыз шөбі көп жерді отты жер деп бекер айтпаған. Отты жер - қуатты жер. Мал біткенге күш - қуат беретін жер. Үйді қазақ халқы отпен теңестіріп отырған. Тұратын үйін отау, үй иесін – отағасы деп атаған. Отсыз тоңып, жаураған адам ешқандай еңбек те істей алмайды. Сонымен от - өміріміз десек те, оның әлемі жайлаған алапаттың бірі - өрт қаупін шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн. Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан немесе байқампаздығымыздан кейде өрттің қалай күш алып кеткенін де байқамай қаламыз. От – өрісі кең түбір. Енді осы «от» түбіріне байланысты сөздерді терсек: отағасы, отау, отарба. Яғни мұннан шығатын нәрсе –«от» сөзі жылылықтың белгісі іспеттес. Оттың пайдасымен қатар зиянды жағы да жоқ емес. Қандай зияны бар, балалар?


«Отпен ойнама, күйесің» дегендей оттың зиянды жақтарына тоқталсақ:


Оттың зиянды жақтары: отты дұрыс пайдаланбаса, адам күйіп қалады. Өрттің шығу себептеріне тоқталайық. Өрттің шығу себептері туралы білгілерің келсе мына слайдқа назар аударайық.

 



Слайд: «Өрттің шығу себептері»
Өрттің шығу себептері туралы не білеміз? Қане кім айтады?
Балалар: 1. Шылымның тұқылын сөндірмей тастаса;
2. Шырпымен ойнаса;
3. Үтікті қосып кетіп қалса;
4. Газды ашық қалдырып кетсе;
Өрттің шығу себептерін нақты білгілерің келсе ендеше мына видео сюжетке назар аударайық.
Шырпы туралы не білеміз?
Камила: Шырпы күнделікті өмірде қажет. Шырпы арқылы майшамды, газды т. б. нәрселерді тұтату үшін іске асырады. Шырпыны үлкендердің рұқсатынсыз алмау керек. Себебі, өрт - тілсіз жау. Шырпының адам өмірінде пайдасымен бірге зияны да болады.


Негізгі өрт қауіпсіздік шаралары туралы не білеміз?

 

Газ – плитасын пайдалану
Ас үйге сән беретін газ плитасы. Көгілдір от тұрмыс - тіршілігімізді көп орын атқарады.
Десек те, оны ұқыпты ұстап, жаға білуіміз керек. Егер газ плитасынан бір кемшіліктер байқалса ата - анаңа айтып ескерт. Өйткені ата - анаң газ бөлімшесінің арнаулы мамандарын шақыртады Тұрмысымызда тағы бір көп қолданатынымыз – Электр. Электр - жарық көзі. Бір күн үйімізге электр қуаты келмей қалса, дүниені қараңғы түнек басады. Дегенмен, оны да ұқыпты пайдаланбасақ, одан да өрт шығуы мүмкін.
Газ плитасы тұрған бөлмені жиі - жиі желдету керек. Егер газдың күлімсіген иесін сезсең сіріңке жағуға, электр жүйесіндегі лампаны жағуға болмайды.
Тек үйдің есік - терезелерін ашып, желдету керек.

 

Дидактикалық ойын: «Өрт сөндірушіге не қажет?»
Тәрбиеші: Өрт қауіпсіздігі туралы қандай тақпақтар білеміз?
Дилназ: От жақпа күйерсің
Өртеніп жүрерсің
Сіріңкені ұстасаң
Бәлеге сен түсерсің
Бекжан: Оттың ісі қуырмақ
Желдің ісі суырмақ
Қазір жанған жалынды
Алып ұшып қуалмақ
Айзере: Кешір, досым, қателестім.
Шырпыны ұстап, көктемеспін.
Ата – ананың рұқсатынсыз
Сіріңкеге беттемеспін.



Айару: Алыңдар ұғып, балалар,
Істері кейде шалалар.
Шырпы, оттық, электрге
Шама келсе жоламаңдар.

 

Өрт қауіпсіздігі туралы қандай ережелер білеміз?
1. Электр жүйесінен ажыратуды ұмытпау.
2. Рұқсат етілмеген жерге электр жүйесін жүргізбеу
3. Өрттің алдын - алу, қауіпсіздікті сақта
4. Өртті сөндіруге арнайы заттарды даярлап қойған жөн. Оларға құм, су, күрек, киіз, т. б.
5. Өрт жаңадан басталғанда, сумен, құм сеуіп өшіреді.
6. Адамның киімі өртенсе, суға түскені дұрыс. Су жоқ болса, топыраққа аунап, үстіне құм себуіміз керек. Болмаса адамды қалың матамен орап өшіреді.

Келесі видео сюжетке назар аударайық.
Видео: «Өрт шықса үрейленбе»


Міне, балалар бүгін біз «От- досымыз, от- жауымыз» деген тақырыпта ашық шара өткіздік. Жоғарыда айтылғандарды естеріңде сақтап, әдепті болып жүріңдер.