«№5 «Аққу» бөбекжай-бақшасы» Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімі Құрылтайшы: Атырау облысы әкімдігі Мемлекеттік басқару органы: «Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Мектепке дейінгі мекеме басшысы: Акбергенова Гульбану Арыстановна Білімі: Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті-2014ж. Мектепке дейінгі педагогика және психология мұғалімі, тәрбиеші. Педагогикалық еңбек өтілі: 20 жыл. Лауазымдық еңбек өтілі: 1 жыл. «№5 «Аққу» бөбекжай – бақшасы» КМҚК - 18 қаңтар 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды. Оқу –тәрбие жұмыстары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Бөбекжай-бақша бойынша жалпы - 12 топ бар. Жобалық қуаттылығы - 280 орын №5 «Аққу» бөбекжай-бақшасының бала бойына сіңіретін тәрбие жұмысының бағыты – «Ұлттық тәрбие» Ұлттық тәрбиенің көздері – фольклор, ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, шешендік сөздер, өнеге-өсиеті бар мақал-мәтелдер. Сонымен бірге отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері, туыстық қарым-қатынас, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім, ұлттық адамгершілік, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттер, ізгілік сынды сапалық белгілер ұлттық тәрбиенің негізгі бағыттары болады. Жас ерекшеліктеріне қарай 12 топ. Кіші топтар №1 «Құлыншақ», №2 «Балбөбек», №3 «Қарлығаш» Ортаңғы топтар №1«Күншуақ», №2«Ботақан», №3«Қошақан», №4«Өркен» Ересек топтар №1 «Жұлдыз», №2 «Тұлпар», №3«Балдырған» Мектепалды даярлық топтар №1 «Ақжелкен», №2 «Балдәурен» Топтардың барлығы өз бағыттары бойынша жұмыс жасайды. 1.«Экологиялық тәрбие» Джоламанова Б.С. 2.«Тәжірибе-зерттеу әрекеті арқылы балалардың танымдық процесін дамыту» Есмағамбетова А.Т. 3.«Мектепке дейінгі мекемеде балаларды сауықтыру-шынықтырудың дәстүрден тыс жолдары» Мажитова Т.Қ. 4.«Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойындар арқылы дамыту» Қозығалиева Ғ.Қ. 5.«Мектеп жасына дейінгі баланың тілін халық ауыз әдебиеті арқылы дамыту» Бекмуханова Г.Е. 6.«Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру» улхарова А.Б. 7."Мектепке дейінгі ұйымдарда ойын технологияларын пайдалану» Абилғазиева И.Б. 8.«Ертегі арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу» Турдалиева Г.С. 9.«Ұлттық тәрбие» тақырыбында Шакиева Г.А. 10.«Халық ауыз әдебиеті арқылы балалардың тілін дамыту». Рискалиева Ф.Ж. 11.«Балабақшада ойын арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту» Ғинаятова Г.Қ. 12.«Балалардың сөйлеу тілін ертегі арқылы дамыту» Кереева Г.А. Жас кезеңдері және жас топтары 1.Кіші жас – 2 жастан бастап (кіші топ) 2.Мектепке дейінгі жас – 3 – 6 жас: орта жас- 3 жастан бастап (ортаңғы топ) ересек жас-4 жастан бастап (ересек топ) мектепалды жас- 5 жастан бастап (мектепалды тобы) Жұмыс реттелімі: аптасына 5 күн; 10,5 сағат (08.00 ден 18.30 дейін) Балабақшаны бағдарламалық қамсыздандыру ҚР БҒМ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты Нұр-Сұлтан 2020ж. ҚР БҒМ Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы Нұр-Сұлтан 2020ж. Атауы: «Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің № 5 "Аққу" бөбекжай-бақшасының КМҚК Тәрбие беру тілі: Қазақ Түрі: Мемлекеттік Негізгі құны, айына: 1) күніне 2 жастан 3 жасқа дейінгі топ - 400 тенге, 2) күніне 3 жастан 6 жасқа дейінгі топ - 500 тенге Жұмыс тәртібі: Бес күндік жұмыс аптасы, 08:00-18:30 Кезекші топ: жоқ Қосымша жабдықтау: бейнебақылау (қауіпсіздік бойынша) Телефон: +7(7122) 513 206;+7(7122) 513 278;+7(7122) 309 818, ds_5_atr@edu.mail.kz,detsad_akku@mail.ru Web-сайт: http://akky5.goroo-atyrau.kz Мекен-жай: Атырау облысы Атырау қаласы, Шағын ауданы Атырау, көшесі №35, құрылыс 2А, пошта индексі 060026 Акбергенова Гульбану Арыстановна Меңгерушісі Ваше имя Email Мобильный номер Тема - Не указано -Другое Текст сообщения Біздің команда